Меню KDT

Новости

Главная Новости

Балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні– қуаныштың, шығармашылықтың және бақытты балалық шақтың мерекесі.
2026 жылдың 1 маусым күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жарқын мерекелік іс-шара өтті. Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй, қызықты кездесулер мен әсерлі ойын-сауық сыйлады.
Іс-шараның салтанатты ашылуы балаларға арналған құттықтаулар мен ізгі тілектерден басталды. Күннің ерекше оқиғасы ретінде жазғы демалыс кезеңінде оқушыларды қабылдайтын «Балдаурен» мектеп жанындағы лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Қатысушыларға қызықты, қауіпсіз әрі мазмұнды демалыс, жаңа достар мен ұмытылмас әсерлер тілінді.
Мектеп аумағында түрлі тақырыптық алаңдар мен ойын станциялары жұмыс істеді. Балалар өз армандары мен ізгі тілектерін, мейірім мен достыққа толы әлем туралы ойларын бейнелеген «Бақытты балалық шақ» атты ұжымдық плакат жасауға белсене қатысты. Сонымен қатар «Твистер» ойыны, тимбилдинг, «Сиқырлы моншақтар» бисер тоқу шеберлік- сабағы, «Құмдағы көңіл-күй» шығармашылық алаңы, аквагрим және арт-терапия балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Белсенді демалысты ұнататындар үшін спорттық эстафеталар, көңілді старттар, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ LEGO станциясы мен робототехника алаңы жұмыс істеді. Жас суретшілер асфальтқа сурет салу байқауына қатысса, білімді оқушылар ертегілер бойынша викторинада өз білімдерін сынады.
Балалар арасында квест-станция мен ұтыссыз лотерея ерекше қызығушылық тудырды. Әрбір қатысушы жағымды сыйлықтарға ие болды. Мереке бойы сауда орындары жұмыс істеп, күннің соңында балаларға балмұздақ таратылып, тәтті сыйлықтар ұсынылды.
Мереке қуанышқа, достыққа және шаттыққа толы атмосферада өтіп, балаларға жаздың алғашқы күнінде жарқын эмоциялар мен тамаша көңіл-күй сыйлады.
Барша балаларды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Жазғы демалыстарыңыз бақытты, қауіпсіз әрі ұмытылмас сәттерге толы болсын! ☀️🎈🎉


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено