Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ата мұрасы» этноауылы

2026 жылдың 5 маусым күні аудан көлемінде қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, мәдениеті мен рухани мұрасын насихаттау, өз халқының тарихына құрмет сезімін қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында ұйымдастырылған
«Ата мұрасы» этноауылының жабылу салтанаты өтті.
Аталған іс-шараға «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысып, ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге өз үлестерін қосты.
Салтанатты шара барысында оқушылар күй тартып, ән шырқап, ұлттық билер биледі.
Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары таныстырылып, асық ату сайысы ұйымдастырылды.
Қатысушылар үшін қамыр жаю, бауырсақ пен бәреміш дайындау, қол моншақ жасау бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.
«Ата мұрасы» этноауылы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, жас ұрпақтың бойына ата-баба мұрасына деген құрметті қалыптастыруға бағытталған тағылымды алаңға айналды.
Осындай игі шаралар арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасы насихатталып, келер ұрпаққа аманат етілуде.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено