Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 28 мамырдағы №1293 Жарлығына сәйкес Бекиш Галия Орынбайқызы мемлекеттік награда — «Құрмет» орденімен марапатталды.
Мемлекет атынан жоғары марапатты облыс әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов табыстады. Бұл марапат Галия Орынбайқызының көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
Галия Орынбайқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, толағай табыстар, жаңа жетістіктер және жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жолындағы игі еңбегіңізге шығармашылық табыс тілейміз!