📌«Отанға қызмет қарапайым дүниелерден басталады. Тал егу, айналаны таза ұстау арқылы елге пайдалы болуға, яғни ұлтқа қызмет етуге болады».
📌«Отанға қызмет қарапайым дүниелерден басталады. Тал егу, айналаны таза ұстау арқылы елге пайдалы болуға, яғни ұлтқа қызмет етуге болады». Қасым-Жомарт Тоқаев ⚜️Экологиялық білім беруді дамытудағы маңызды қадамдардың бірі ретінде 2026 жылғы 11 маусымда «Әдістемелік орталық» КММ директоры Сәркен Роза Сәкенқызы «Жасыл мектеп» жобасы аясындағы жұмыс тобының кеңейтілген отырысына қатысты. UNICEF Kazakhstan және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдерімен өткен кездесу барысында 2026–2027 оқу жылына арналған мектептердің өзін-өзі бағалау жүйесіне енгізілетін негізгі компоненттер мен көрсеткіштер талқыланып, өзара келісілді.
⚜️«Жасыл мектеп» жобасы – бұл жай ғана экологиялық бастама емес. Бұл – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың, экологиялық ойлау қабілетін дамытудың, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды және тұрақты даму құндылықтарын дәріптеудің маңызды құралы.
⚜️Іс-шараға сондай-ақ Жамбыл ауданының білім бөлім басшысы Мусабаев Б.Б. Уәлиханов ауданының «Ақтүесай орта мектебі» КММ директоры Жетібаева С.К. және Петропавл қаласының «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Сачкова А.Г. қатысты.
⚜️Осындай маңызды бастаманы жүзеге асыруға қатысу – үлкен жауапкершілік әрі заманауи экологиялық білім беру жүйесін дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік.