«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ жанындағы «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебі» өз жұмысын жалғастыруда.
Осы бастаманың алғашқы іс-шараларының бірі ретінде «Балдәурен» сауықтыру орталығында демалып жатқан балаларға «Шаш–адамның көркі» тақырыбында танымдық кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында әжелер мен аналар қазақ халқының қыз бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлері, шаш күтімінің мәдениеті және бұрымның тәрбиелік мәні туралы әңгімеледі. Балалар ұлттық құндылықтар жөнінде мағыналы ақпарат алып, үлкендердің ақыл-кеңесіне құлақ түрді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың бойында ұлттық тәрбиеге деген құрметті қалыптастырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.