«№2 Новоишим орта мектебі» КММ жанындағы «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебі» ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Осы орайда «Балдәурен» сауықтыру орталығында демалып жатқан балаларға «Қонақта өзін ұстау әдебі» тақырыбында «Өнегелі 15 минут» өткізілді.
Шара барысында оқушыларға әдептілік, сыйластық және қонақта өзін мәдениетті ұстау қағидалары түсіндірілді.