Nº73 мектеп-лицейі “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы
АҚПАН - ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ.
Байқаудың басты мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, сахна мәдениетін арттыру және ұжымдық жұмысқа баулу. Қатысушылар әртүрлі халық билерін жоғары деңгейде орындап, өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.
Қойылымдардың мазмұны мен тұтастығы, орындау шеберлігі, сахна мәдениеті және костюм үйлесімділігі қазылар алқасы тарапынан жан-жақты сараланды.
Іс-шара барысында әділ бағасын берген қазылар алқасына алғыс білдіреміз. Атап айтқанда, мектеп директоры Гүлшат Заитовна, ән-күй пәнінің мұғалімі Жанар Түлкібайқызы, технология пәнінің мұғалімі Манат Құрмансия байқаудың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, оқушылардың толыққанды қатысуын қамтамасыз етіп, ұйымшылдық танытқан сынып жетекшілеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.
Байқауға белсене қатысып, өнерлерімен ерекшеленген сыныптар:
8-сыныптар: 8Ә, 8В, 8Г, 8Ғ, 8Е, 8Ж
9-сыныптар: 9Ә, 9Б, 9Г, 9Е, 9Ж
10-сыныптар: 10А, 10Б, 10В, 10Д
Ұйымдастырушы: Аға тәлімгер: Аманғазы Жаннұр Бағдатқызы/Мәдениет фракциясы
https://www.instagram.com/reel/DU20V9lDRI4/?igsh=dGppOTFrOXo4dDRp