Меню KDT

Новости

Главная Новости

«BizTalks» іс-шарасы Business Club ұйымдастыруымен өтті.


Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту, мотивация беру және тәжірибелік біліммен бөлісу алаңын қалыптастыру болды.

Іс-шараға Business Club мүшелері мен қонақ қатысушылар белсенді түрде қатысып, спикерлердің бизнес, даму және жеке өсу тақырыптарындағы спичтерін тыңдады. Кездесу барысында ашық әріеркін атмосфера қалыптасып, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пайдалы ақпарат алды. Іс-шара барысында спикерлер жеке тәжірибелерімен бөлісіп, нақты өмірлік мысалдар арқылы өзекті тақырыптарды қозғады. Сонымен қатар, сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, қатысушылардықызықтырған сауалдарға толық жауаптар берілді. Бұл формат қатысушылардың белсенділігін арттырып, интерактивті байланысты күшейтті.

https://www.instagram.com/reel/DSz1LcIjAav/?igsh=aWZxdTI5c2t2dGw2



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено