Құрметті ата-аналар! Жаңа оқу жылы қарсаңында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына (2025 жылғы 19 мамырдағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) белгіленгенін хабарлаймыз. Мектеп формасына қойылатын талаптар • Мектеп формасының түсі – қою көк. • Форманың үлгісі – классикалық іскерлік стильде болуы тиіс. Ұлдарға арналған мектеп формасы: ✔️ Пиджак ✔️ Жилет ✔️ Шалбар кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұрады. ✔️ Ақ түсті көйлек ✔️ Суық мезгілде – тоқыма жилет немесе ақ водолазка Ұсынылатын ең аз жинақ: • ақ көйлек; • жилет; • шалбар. Қыздарға арналған мектеп формасы: ✔️ Пиджак ✔️ Жилет ✔️ Белдемше ✔️ Шалбар ✔️ Ақ түсті блузка ✔️ Сарафан ✔️ Суық мезгілде – тоқыма жилет немесе ақ водолазка Талаптар: • шалбар кең пішілген және аяқтың сирағын жауып тұруы тиіс; • белдемше классикалық кеңсе үлгісінде, ұзындығы тізеден 5 см жоғары болмауы керек. Назар аударыңыз! Ата-аналар ұсынылған мектеп формасының үлгісіне сәйкес мектеп формасын кез келген сауда орындарынан өз таңдауы бойынша сатып ала алады.