«Елді Зерттеу» жобасы аясында мектебіміздің оқушылары Есіл ауданына барып, өңірдің тарихи және табиғи көрікті жерлерімен танысты. Экскурсия барысында оқушылар Есіл аудандық музейін аралап, Күлсары әулие кесенесіне тағзым етті және Үлкен Тарангөл көлінің әсем табиғатын тамашалады. Сапар барысында олар туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы білімдерін кеңейтті. Бұл экскурсия оқушылар үшін қызықты әрі танымдық тәжірибе болып, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыруға ықпал етті. https://www.facebook.com/share/r/1gPnQHB3j1/