3 тамызда "Бірлік орта мектебі" КММ-де болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған "Балақайлар мектебі" ("Малышкина школа") мектепалды даярлығының қысқа мерзімді бағдарламасы өз жұмысын бастады.
Бағдарлама 1-сыныпқа түсер алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіруге, танымдық, коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ мектеп өміріне сәтті бейімделуге бағытталған.
Сабақтар 3-21 тамыз аралығында күн сайын сағат 10:00-ден бастап мейірімді және қызықты атмосферада өтеді. Тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен балалар мектеппен танысады, құрдастарымен қарым-қатынас жасауды үйренеді, сөйлеу, ойлау, зейін, есте сақтау және ұсақ моториканы дамытады, сонымен қатар оқу іс-әрекетінің алғашқы дағдыларын алады.
Болашақ бірінші сынып оқушыларымызға қызықты іс-шаралар, жаңа ашылулар, жақсы көңіл-күй және мектеп өміріне табысты дайындық тілейміз!