Құрметті ата-аналар! Сіздерге 1 тамыздан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталғанын хабарлаймыз. Акция 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету.