Меню KDT

Новости

Главная Новости

2026 жылғы 1 қыркүйекте «Нежинка орта мектебі» КММ-де Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Күздің алғашқы күні мектебіміздің оқушыларын, ұстаздарын, ата-аналары мен қонақтарын қайта қауыштырды. Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш аттап, білімге, жаңа достар мен жарқын жаңалықтарға қадам басқан бірінші сынып оқушыларымыз үшін ерекше әрі толқынысты болды. 💐
Салтанатты жиынға қатысушыларды мектеп директорының міндетін атқарушы Каиржанова Анара Каирлановна, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық білім бөлімінің басшысы Карабаева Эльмира Мирзахметовна, Нежинка ауылдық округінің әкімі Оспанова Ольга Анатольевна және «Нежинка-Ерке» ТОО директоры Батыкова Диана Муратовна жылы лебіздерімен құттықтады.
2026–2027 оқу жылы әрбір оқушы үшін жаңалықтарға, жетістіктерге, игі кездесулер мен жарқын жеңістерге толы жыл болсын!






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено