Бүгін Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
«Әдістемелік орталық» КММ атынан мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, білім жолындағы алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.
Алғашқы қоңырау – балалық шақтың жаңа белесі, үлкен арман мен жарқын болашаққа бастар жолдың бастауы. Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің жүректерінде мектепке деген сүйіспеншілік, білімге деген құштарлық орнасын!
Барша ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында толағай табыс, шығармашылық шабыт, биік белестер тілейміз!