2026 жылғы 27 тамызда Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылына арналған педагогикалық кеңес отырысы өтті. Педагогикалық кеңесті мектеп директоры Жарменова Гүлмира Сергазиевна ашып, ұжымға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және оқушыларға қолайлы, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы негізгі міндеттерге тоқталды. Отырыстың күн тәртібі бекітіліп, алдағы оқу жылындағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Кеңес барысында 2026–2027 оқу жылындағы білім беру ұйымы жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары, сондай-ақ 2025–2026 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Педагогтерге білім беру саласындағы өзекті өзгерістер мен жаңа талаптар таныстырылды. Атап айтқанда, 2–4-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне енгізілетін жаңа тәсілдер, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының нәтижелері мен жаңа оқу жылындағы басымдықтары, конституциялық құндылықтарды білім беру үдерісінде іске асыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жаңа форматта ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби дамуы және аттестаттаудан өткізудің пилоттық жобасы бойынша ақпарат берілді.
Педагогикалық кеңесте мектептің 2026–2027 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары, оқу жұмыс жоспары, педагогтердің оқу жүктемесі, сабақ кестесі, мектепішілік бақылау, тәрбие және әдістемелік жұмыстардың жоспарлары, педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары және ішкі тәртіп ережелері бекітілді. Отырыста мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі де қаралды. Санитарлық нормалардың сақталуы, білім алушыларды тамақтандыру, қауіпсіз және инклюзивті білім беру ортасын қамтамасыз ету, ерекше назарды қажет ететін оқушылармен жұмыс және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелеріне назар аударылды. Педагогикалық кеңес қорытындысында жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер нақтыланып, педагогикалық ұжымның бірлескен жұмысының бағыттары белгіленді. Білім сапасын арттыру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, ұлттық және конституциялық құндылықтарды дәріптеу, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру басты басымдықтар ретінде айқындалды.