"Совет орта мектебі" КММ-де жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шара өтті. Дәстүр бойынша мектеп күні салтанатты жиыннан басталды, оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар жиналды. Мерекенің жалғасы "Қазақстан Республикасының Конституциясы: парасатты азаматты, зияткерлік ұлтты және жауапты қоғамды қалыптастырудың негізі"тақырыбында бірыңғай сынып сағаты болды. Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің Негізгі заңының негізгі құндылықтарын, әрбір азаматтың қоғам дамуындағы рөлін, сондай-ақ адалдықтың, құқықтық сауаттылықтың және білімге ұмтылудың маңыздылығын талқылады. Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Оқушыларға жоғары жетістіктер, қызықты жаңалықтар мен жаңа биіктерге ұмтылыстар тілейміз!