Бүгін мектебімізде Петропавл қаласы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Шайгузов Алмас Екпиновичтің қатысуымен 9–11 сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Дәріс барысында оқушыларға құқық бұзушылық түрлері, кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың салдары туралы түсіндірілді. Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.