Меню KDT

Новости

Главная Новости

КММ «№ 20 орта жалпы білім беретін мектеп-лицейі» 2026–2029 жылдарға арналған Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыратынын хабарлайды және оның құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, сондай-ақ 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрықтың 5-тарауының 33-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және қолданыстағы Қамқоршылық кеңес құрамының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, КММ «№ 20 орта жалпы білім беретін мектеп-лицейі» 2026–2029 жылдарға арналған Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыратынын хабарлайды және оның құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар қабылдайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

Кандидаттар Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1.⁠ ⁠еркін нысандағы өтініш;
2.⁠ ⁠кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3.⁠ ⁠қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4.⁠ ⁠білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5.⁠ ⁠Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
6.⁠ ⁠кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер.

Құжаттар 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

№20 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ Қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің өтініштерін қабылдау Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Маресьев көшесі,75 «А»-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: e-mail: mekteplicey-20@yandex.kz байланыс телефоны: 8 (7132) 46-74-25


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено