Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Зерделі ұлт: 12 ай – 12 кітап» жобасы бастау алды.
Аталған жоба – жас ұрпақтың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға, білім көкжиегін кеңейтуге және рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
Жоба аясында оқушылар жыл бойы әр айға ұсынылған кітаптарды оқып, шығармалардың мазмұнымен танысып, кейіпкерлер әлеміне үңіліп, өз ой-пікірлері мен алған әсерлерімен бөліседі.
📚 Кітап оқу – білімге бастар жол, ойды тереңдетер рухани қазына.
Кітаппен дос болған ұрпақ – ойы озық, зердесі биік, рухы мықты тұлға болып қалыптасады.
Барша оқушыларды кітап оқуға, ізденуге және өз білімін үнемі толықтырып отыруға шақырамыз! ВИДЕО