Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында 4 «А» сыныбында «Тіл әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Оқушылар топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды белсенді орындады. «Қоржыннан» қойылған сұрақтарға жауап беріп, берілген әріптерден мүмкіндігінше көп сөз құрастырды. Сайыс барысында оқушылар қазақ тілін жақсы меңгергендерін көрсетті.