«№2 Новоишим орта мектебі » КММ-де балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында өткізілетін «Балалар, назар аударыңдар!» онкүндігі аясында 2-сынып оқушылары «Жолдағы қауіпсіздік» тақырыбында профилактикалық бейнеролик тамашалады.
Іс-шараны әлеуметтік педагогтар Туленова Ж.Е және Парамонова О.С өткізді. Бейнеролик көру барысында оқушылар жол қозғалысының негізгі ережелерін қайталап, жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздік ережелерін еске түсірді.Мұндай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін нығайтып, жолда мұқият әрі жауапты болуға тәрбиелейді.