« №2 Новоишим орта мектебі» КММ-де Мектеп парламенті, «АДАЛ» еріктілер тобы және ЖҚИ жас инспекторларының (ЮИД) қатысуымен жиналыс өтті.
Жиын барысында бірінші оқу тоқсанына және алдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды.Оқушылар алдағы акциялар, жобалар мен іс-шараларды талқылап, әр бағыт бойынша міндеттерді бөлісті. Сонымен қатар мектеп өміріне белсенді қатысу, еріктілік және жол қауіпсіздігі бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінді.