Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тіл мерейі–ел мерейі

2026 жылдың 16 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Тіл мерейі–ел мерейі» атты үш тілде мәнерлеп оқу шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көркем шығармалар мен өлеңдерді мәнерлеп оқып, өздерінің тілдік шеберліктерін, сахна мәдениетін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты: оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілге құрмет сезімін қалыптастыру, өзге тілдерді меңгеруге ынталандыру және көптілділіктің маңызын насихаттау.
Тіл–халықтың рухани байлығы, ұлттар арасындағы достық пен бірліктің алтын көпірі.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың тілге деген құрметін арттырып, білімге деген құштарлығын нығайта түседі.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено