Меню KDT

Новости

Главная Новости

Махамбет оқулары

2026 жылғы 17 қыркүйекте «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де республикалық **«Махамбет оқулары» конкурсының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Ұлт руханиятында өзіндік орны бар дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, оқушылардың ақын поэзиясына деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен байқауға аудан мектептерінен оқушылар қатысты.
Мектебіміздің оқушылары да байқауға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, **«Ұлы арман» – Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу** номинациясы бойынша:
🏆 9 «А» сынып оқушысы Кенжеболат Айым – І орын.
Жетекшісі – Калиева Жанар Кенжебаевна
🥈 11 «А» сынып оқушысы Ерсаин Дариға – ІІ орын
Жетекшісі – Ахметжанова Аспет Руслановна. Бұл жетістіктер – оқушылардың ізденісі мен ұстаздардың еңбегінің жемісі.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено