Меню KDT

Новости

Главная Новости

Оқитын ұлт

«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Оқитын ұлт» жалпыреспубликалық интеллектуалды-ағартушылық жобасының басталуына арналған ақпараттық шолу өтті.
Іс-шара барысында мектеп педагогтері мен оқушылары кітап оқу марафонының негізгі мақсаттарымен, ережелерімен және кезеңдерімен танысты.
Кітап оқу және пікір жазудың негізгі кезеңі 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың наурызына дейін созылады. Қорытынды тестілеу мен квиздер 2027 жылдың наурыз–сәуір айларында өтеді.
Қатысушылардың назары келесі бағыттарға аударылд
«Оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары үшін;
«Оқитын педагог» — мұғалімдер мен оқытушылар үшін; «Оқитын отбасы» (династия) — отбасылық топтар үшін.
Қатысу үшін таңдалған бағыт бойынша ұсынылған тізімнен 15 кітап оқып, жеке кабинетке қысқаша пікір жариялау қажет.
Өңірлік кезең жүлдегерлеріне 300 000 ₸ бастап 600 000 ₸ дейін сыйақы қарастырылған.
Мектептің ұжымы мен оқушылары марафонға үлкен қызығушылық танытып, оқу мәдениеті мен критикалық ойлауды дамыта отырып, жобаға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено