2026 жылдың 21 қыркүйек күні «Адал азамат» бағдарламасы негізінде және «Таза Қазақстан» акциясы аясында «#2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Ардагерлер ұстаздар аллеясы» атты челлендж ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты: ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегіне алғыс білдіру болды. Акция барысында ұстаздар ағаш отырғызып, мектеп аумағын абаттандыруға атсалысты. Нәтижесінде жасыл желекке толы естелік бұрышы– «Ардагерлер ұстаздар аллеясы» пайда болды.
Мұндай игі бастамалар өскелең ұрпақтың бойында ұстаз еңбегіне деген құрмет сезімін оятуға, мектепке деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.