Тіл мен әдебиет–ұлт руханиятының айнасы
2026 жылдың 21 қыркүйек күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Жаңашыл» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Тіл мен әдебиет–ұлт руханиятының айнасы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі өз жұмысын бастады.
Онкүндіктің алғашқы күні таңертеңнен ерекше көңіл- күймен өрбіді. Мұғалімдер мен оқушыларды
«1 мақал–1 бауырсақ» атты танымдық ойынмен қарсы алды.
Қатысушылар мақал-мәтелдер айтып, ұлттық тағамымыз– бауырсақтан дәм татты.
Бұл шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ана тіліміздің бай мұрасын насихаттауға бағытталды.
Сонымен қатар, мектеп ұжымы мен оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.
Алдағы күндері оқушылардың тілдік білімін, шығармашылық қабілетін, әдебиетке деген қызығушылығын арттыратын түрлі танымдық, зияткерлік және шығармашылық іс-шаралар өткізіледі.
Тіл–ұлттың жаны, әдебиет–руханияттың қазынасы!
Онкүндік барша қатысушыларға жаңа білім, тың идеялар мен шығармашылық шабыт сыйласын!