Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тіл мен әдебиет–ұлт руханиятының айнасы

2026 жылдың 22 қыркүйек күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Жаңашыл» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өтіп жатқан
«Тіл мен әдебиет–ұлт руханиятының айнасы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смаилова Назерке Жеңісқызы 1 «Г» сынып оқушылары арасында «Сөз мергені» атты танымдық-зияткерлік сайыс өткізді.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеті мен тіл байлығын дамыту, тапқырлыққа және шапшаңдыққа баулу.
Сайыс барысында бүлдіршіндер түрлі қызықты тапсырмаларды орындап, сөздерді дұрыс қолдану, сұрақтарға жауап беру, тапқырлық пен зеректік таныту бойынша өз білімдерін ортаға салды.
Оқушылар сайысқа белсенді қатысып, қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылықтарын көрсетті.
Осындай танымдық шаралар оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, ана тілін құрметтеуге, сөз қадірін түсінуге тәрбиелейді.
«Сөз мергені» сайысы кішкентай білімпаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, білім мен тапқырлықты ұштастырған әсерлі шара болды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено