Меню KDT

Новости

Главная Новости

«DIGITAL ӘКЕ: БАЛАМНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ – МЕНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМ»

24 қыркүйек күні М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Digital Әке: баламның цифрлық қауіпсіздігі – менің жауапкершілігім» тақырыбында әкелер мен ұлдар арасында спорттық спартакиада ұйымдастырылды. Спартакиаданың негізгі мақсаты – әкелер мен ұлдар арасындағы өзара байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Әкенің бала өміріндегі орны ерекше. Баланың қауіпсіздігіне, тәрбиесіне және болашағына жауапкершілікпен қарау – әкенің маңызды міндеттерінің бірі. Спартакиада барысында спорттық бәсекемен қатар, әке мен бала арасындағы сенім мен қолдаудың маңыздылығы да көрініс тапты. ВИДЕО


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено