Меню KDT

Новости

Главная Новости

🌿 «ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯСЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ-ПРАКТИКУМЫ

🌿 «ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯСЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ-ПРАКТИКУМЫ
2026 жылғы 28 қыркүйекте «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ базасында «Табиғи ресурстарды сақтау және суды үнемдеу» тақырыбында «Табиғи ресурстарды құтқару операциясы» экологиялық квест-практикумы өтті.
Іс-шараға «Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ, «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ және «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ 8-сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты.
Квест барысында қатысушылар практикалық экологиялық тапсырмаларды орындап, суды үнемдеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға ұқыпты қарау бағытында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
🏆 Квест қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
🥇 I орын — «Таза әлем» командасы
«Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ
🥈 II орын — «Жасыл әлем» командасы
«Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
🥉 III орын — «Эко Live» командасы
«Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану дағдыларын дамытуға және су ресурстарын сақтауға жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.
 
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено