Тапқыр достар
2026 жылдың 28 қыркүйек күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Жаңашыл» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл мен әдебиет-ұлт руханиятының айнасы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында кезекті танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимбаева Бибигуль Тулигеновна 5 "Г" сынып оқушылары арасында «Тапқыр достар» атты зияткерлік-танымдық ойын өткізді.
Ойынның мақсаты: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, білімдерін шыңдау, логикалық ойлау қабілеттері мен тапқырлығын дамыту, сөздік қорын молайту және топпен бірлесе жұмыс жасауға баулу.
Сайыс барысында оқушылар түрлі қызықты тапсырмаларды орындап, өздерінің білімдерін, шапшаңдықтары мен тапқырлықтарын көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып,
әр тапсырманы қызығушылықпен орындады.
Зияткерлік ойын оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік берді.
Осындай танымдық іс-шаралар оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттырып, білімге деген құштарлығын оятады.