2026 жылғы 29 қыркүйекте "№2 Новоишим орта мектебі" КММ төтенше жағдайларда іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу эвакуациясы жүргізілді.
Дабыл сигналын бергеннен кейін мектеп оқушылары мен ұжымы белгіленген тәртіпке сәйкес ғимараттан ұйымдасып, тез және тыныш эвакуацияланды. Барлық қатысушылар қауіпсіз аймаққа жиналып, іс жүзінде эвакуациялау тәртібін пысықтады.
Оқу жаттығулары кезінде ұйымшылдыққа, тәртіпке және қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайларда дұрыс іс-қимылдарды қалыптастыруға және адамдардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.