Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жас қаламгер

2026 жылдың 29 қыркүйек күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Жаңашыл» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл мен әдебиет-ұлт руханиятының айнасы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің жоспарына сәйкес «Жас қаламгер» эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
Байқауды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сембаева Хафиза Арысбекқызы 9 «А» және 11 «В» сынып оқушылары арасында өткізді.
Байқаудың басты мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жазбаша ой қорыту мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын молайту және өз ойын көркем әрі сауатты жеткізе білуге баулу.
Байқау барысында жас қаламгерлер берілген тақырып аясында өз ойларын жүйелі жеткізіп, өмірлік көзқарастары мен шығармашылық ізденістерін эссе арқылы таныта білді. Әрбір жұмыс оқушылардың ой ұшқырлығын, тіл байлығын және қаламгерлік қабілетін көрсетті.
Жас қаламгерлердің қаламы қарымды, ойы ұшқыр болсын! Шығармашылық ізденістеріне сәттілік тілейміз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено