2026 жылдың 30 қыркүйек күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Жаңашыл» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл мен әдебиет-ұлт руханиятының айнасы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің жоспарына сәйкес ерекше әрі тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тукенова Умут Амангельдиновна 3 «В» сынып оқушыларымен «Әдеби кейіпкерлер әлемі» атты театрландырылған қойылым өткізді.
Қойылым барысында оқушылар әдеби шығармалардағы кейіпкерлер бейнесін сахнада шебер сомдап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен актерлік шеберліктерін таныта білді. Кейіпкерлердің мінезі мен іс-әрекетін бейнелеу арқылы оқушылар әдебиет әлеміне тереңірек бойлап, көркем шығарманы жаңаша қырынан таныды.
Осындай шығармашылық іс-шаралар оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, тіл байлығын, сахна мәдениетін, еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Ұстазымызға шығармашылық ізденіс пен толағай табыс, ал жас өнерпаздарымызға жаңа жетістіктер тілейміз!