⚜️ Еңбекке құрмет – ең үлкен алғыс. Кәсіби мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында «Солтүстік Қазақстан облысының әдістемелік орталығы» КММ директоры Сәркен Р.С. орталық қызметкерлерін құттықтап, олардың кәсібилігіне, өз ісіне жауапкершілікпен қарауына және өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестеріне алғысын білдірді. Мерекелік іс-шара аясында қызметкерлерге Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы мен Әдістемелік орталықтың грамоталары және алғыс хаттары табысталды. Ұстаз еңбегі әрдайым лайықты бағаланып, кәсіби қызмет қанағат, жаңа жетістіктер мен шабыт сыйласын! Ұжымға толағай табыс, жаңа идеялар және Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласының игілігі жолында маңызды бастамаларды жүзеге асыруды тілейміз!