Оқушылар Президент музейіне барып, еліміздің тарихы мен мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы құнды мәліметтермен танысты. Мақсаты: оқушылардың тарихи танымын кеңейту, ел тарихына қызығушылығын арттыру және патриоттық сезімін қалыптастыру. Міндеті: тарихи жәдігерлермен таныстырып, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігі туралы білімдерін толықтыру. Тарихты білу — өткенді құрметтеу, болашақты бағалау. 🇰🇿