Астана қаласы әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК-де мектеп әкімшілігі мен ата-аналардан құралған бракераждық комиссия мүшелерінің қатысуымен мектеп асханасының жұмысына кезекті бақылау жүргізілді. Бақылаудың негізгі мақсаты – білім алушыларға ұсынылатын ыстық тамақтың сапасы мен қауіпсіздігін, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын, тағамдардың бекітілген ас мәзіріне сәйкестігін және асханадағы тамақтану жағдайын бақылау. Бракераждық комиссия асханадағы санитариялық жағдайды, ас мәзірінің сақталуын, дайын тағамдардың сапасын, тағамдардың сыртқы түрі мен берілуін, ас дайындау және тарату тәртібін, сондай-ақ оқушыларға қызмет көрсету жағдайын тексерді. Тексеру барысында асхана қызметкерлерінің санитариялық талаптарды сақтауына, жұмыс орындарының тазалығына, асханадағы тазалық пен тәртіпке ерекше назар аударылды. Сонымен қатар оқушыларға берілетін тағамдардың белгіленген мәзірге сәйкестігі қаралды. Комиссия мүшелері асхана жұмысына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету – мектеп әкімшілігі, асхана қызметкерлері және ата-аналар қауымдастығының ортақ міндеті. ВИДЕО