Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тіл әлеміне саяхат» тілдік квесті

“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі” КММ.
«Тіл әлеміне саяхат» тілдік квесті
Қазақстан халқының Тілдер күніне орай 2026 жылдың 14 қыркүйегінде 5–6 сынып оқушылары арасында «Тіл әлеміне саяхат» атты тілдік квест ойыны ұйымдастырылды.
Квест барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне қатысты тапсырмаларды орындап, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер бойынша білімдерін сынады. Сонымен қатар ұлттық мәдениет пен әдебиетке арналған қызықты тілдік тапсырмаларды орындап, өздерінің тапқырлығы мен шапшаңдығын көрсетті.
Станциялар бойынша өткен командалық сайыс қызықты әрі тартысты өтіп, оқушылар белсенділік пен ұйымшылдық танытты.
🏆 Квест қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – 5 «Ә» сыныбы
🥈 ІІ орын – 5 «А» сыныбы
🥉 ІІІ орын – 6 «А» және 6 «Ә» сыныптары марапатталды.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Тіл үйренуге деген қызығушылықтары артып, білім көкжиектері кеңейе берсін!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено