Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тіл – халықтың рухани қазынасы»

“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі”КММ. Қазақстан халқының тілдері күніне орай 8 «А» және 8 «Ә» сынып оқушылары арасында «Тіл – халықтың рухани қазынасы» тақырыбында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың тіл біліміне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту және тілге деген құрметін қалыптастыру.
Интеллектуалдық сайыс барысында оқушылар өз білімдерін сынап, тапқырлық пен жылдамдықтарын көрсетті. Әр кезең қызықты сұрақтар мен танымдық тапсырмаларға толы болды. 🧠📚
Тіл – ұлттың жаны, халықтың баға жетпес байлығы. Ана тілімізді құрметтеу – әрқайсымыздың парызымыз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено