Өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі КММ жанындағы интернаты тәрбиеленушілерімен Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және аудан әкімінің төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында білім алушылар мен мектеп қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары, өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі және ғимараттан қауіпсіз эвакуациялану жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, жылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылып, өрттің алдын алу шаралары бойынша қажетті ақпараттар жеткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын арттыру.
Г. Мүсрепов атындағы ауданның Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты
Мусин Нурболат Жаркынұлы
Аудан әкімінің төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі