Мектеп парламенті президенттігіне үміткерлердің сайлау бағдарламалары
“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі” КММ.
17 қыркүйек күні мектебімізде Мектеп парламенті президенттігіне үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын таныстыру шарасы өткізілді.
Шара барысында 7–11 сынып оқушылары үміткерлердің алдағы жоспарлары мен бастамаларын тыңдап, олардың мектеп өмірін дамытуға бағытталған ұсыныстарымен танысты.
Әрбір кандидат өз бағдарламасын таныстырып, мектептің қоғамдық өміріне қатысты тың идеяларын ортаға салды. Бұл кездесу оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын дамытуға ықпал етті.