Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Заң және тәртіп»

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің» 7–8 сынып оқушыларына арнап,Ғ.Мүсірепов ауданы прокурорының орынбасары Зейнуллин Ж.К. және аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Макашев Т.Е. қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Іс-шараның мақсаты — жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу болды.
Іс-шара барысында автомобильдер, манекендер және полиция қызметкерлерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының шынайы көріністері көрсетілді.
Акцияға прокуратура өкілдері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер қатысты. Сонымен қатар оқушылар мен жаяу жүргіншілерге жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтау жолдары жан-жақты түсіндірілді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено