“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі”КММ. Мектеп медбикесінің қатысуымен 8–9 сынып оқушыларына “Тұмаудың алдын алу” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға тұмаудан сақтану жолдары, жеке бас гигиенасын сақтау, қолды жиі жуу, бөлмені желдету және денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.