Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мемлекеттік архивінде мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия

2026 жылғы 22 қыркүйек күні Новоишим ауданының мемлекеттік архивінде мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Ол іс-шараға «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын архив ісімен, аудан тарихымен және тарихи құжаттарды сақтау барысымен таныстыру, сондай-ақ өлкетану бағытында білім беру.
Іс-шараға 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары, кәсіби бағдар беруші Даир С.С мен кітапханашы Баймульдина Г.К және архив қызметкерлері қатысты. Оқушыларға архив туралы жалпы ақпарат беріліп, құжат сақтау қоймалары, сирек кездесетін қолжазбалар таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тарихи құжаттардың сақталу шарттары, архив қорының құрылымы және өлке тарихы туралы толық ақпарат алды.
Архивке саяхат мектеп оқушылары үшін танымдық әрі пайдалы болып, олардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттырды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено