«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 95 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әдеби мұрасын насихаттау және жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрмеге Шерхан Мұртазаның шығармалары, жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы әдебиеттер қойылды. Оқушылар жазушының еңбектерімен танысып, қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған тұлға туралы танымдық мәліметтер алды.