Ғабит Мүсірепов ауданында Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шара барысында білім беру саласына сіңірген еңбегі, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі кәсіби жетістіктері үшін мектебіміздің бірқатар ұстаздары марапатталды.
Шалова Татьяна Николаевна – Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен;
Горохводацкая Анна Васильевна – аудан әкімінің Құрмет грамотасымен;
Рожина Ярослава Петровна – аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағына салынған өлшеусіз үлес. Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу, сапалы білім беру жолындағы табысты еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалана берсін!
Құрметті әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын!
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және кәсіби биіктер тілейміз!