2026 жылғы 6 қазанда Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де ұстаздарға арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шара барысында білім саласына қосқан үлесі мен кәсіби еңбегі үшін бірқатар ұстаздар марапатталды.
Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен:
• Святогор М.В.
• Сейлбекова С.Ж. марапатталды.
Ғ. Мүсірепов ауданының білім бөлімінің Алғыс хатымен:
Дроздецкая Т.А.
• Копжасаров А.О.
• Базарбаева А.М.
• Шапкенова А.А. марапатталды.
Бұл марапаттар – ұстаздардың кәсіби шеберлігіне, адал еңбегіне және білім беру саласына қосқан үлесіне берілген жоғары баға.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігі мен жеңісі сіздерге зор қуаныш сыйласын! Шығармашылық табыс, мықты денсаулық және толағай жетістіктер тілейміз!