Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханада кітапханашы Г.Баймулдина және аудандық балалар кітапханасы кітапханашымен С.Джумабековамен акция «Бір ел – бір кітап» жобасы аясында Қабдеш Жұмаділовқа «Ұлы көштің дарабозы» атты іс шара өткізілді. Қабдеш Жұмаділов – халық жазушысы, басты кейіпкер - елінің азаттығы үшін күрескен тұлға. Іс шараның мақсаты оқырмандарға жазушының өмір баянымен , қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, оның шығармашылық қуаты мен талантты ұрпақтар бойы жалғасын тауып, бүгінгі және болашақ оқырмандардың рухани әлеміне нұр берері мәлім. Соның ішінде «Тағдыр» романымен танысты. Викторина- сұрақ пен видееоролик көрсетілді.
Қортынды :Талантты жазушы қаламынан тұған шығармалары әрдайым оқырмандарды ойландырып, шабыттандырып, әдебиеттің шексіз әлемінде жаңа биіктерге бастайды. Сөз шеберінің мұрасы _ қазақ әдебиетінің мәңгілік құндылығы. Оның жазбалары ұрпақтан ұрпаққа жетіп, әрдайым жаңа оқырмандарды таңғалдыра бермек және болашақ үшін шабыт көзі болып қала береді. Өнегілі ғұмыр кешіп, сонына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Қабдеш есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінді мәңгі сақталады.