Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Қызылжар» шағын орталығының асханаларының санитариялық-гигиеналық режимі

2026 жылдың қыркүйек айында Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің жаңындағы интернат, «Қызылжар» шағын орталығының асханаларының санитариялық-гигиеналық режимінің сақталуы мақсатында бракераждық комиссия мүшелері мектеп директоры Б.Баймагамбетова және әлеуметтік педагогтар А.Алгожина, А.Н.Байбулатова тексеріс жүргізді. Ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы тексерілді. Медбикелер қазаннан өзінен əрбір тамақтан сынама алып тоңазытқышта салып қойылады. Ыдыс жууға арналған щеткалар мен шүберектер жұмыс аяқталғаннан кейін тазартылады, аспаптар дезинфекциялау ерітіндісіне салынады, содан соң ағынды сумен мұқият шайылады және кептіріледі.Таза асханалық ыдыс пен аспаптар шкафтарда сақталады. Асхана жұмыскерінің арнайы киімдері бар.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено