8 қазанда «Возвышенка орта мектебі» КММ-нің 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беруші Бегеза Н. Н. «ҰБТ-да тапсыратын бейіндік пәндер және болашақ мамандыққа сәйкес пәндерді дұрыс таңдау» тақырыбында әңгіме өткізді.

Кездесу барысында оқушылар таңдаған мамандығы мен болашақ оқу бағытын ескере отырып, бейіндік пәндерді дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы ақпарат алды. Сонымен қатар мамандық таңдауды алдын ала жоспарлаудың маңыздылығы, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін таңдаған мамандықтың талаптарымен сәйкестендіру жолдары талқыланды.
Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтар қойды, мамандық таңдаудың түрлі нұсқаларын талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Бейіндік пәндерді дұрыс таңдау – жоғары оқу орнына сәтті түсудің және болашақ мамандыққа бастар маңызды қадамдардың бірі!